Әлемдегі ең бай 500 адам АҚШ қор нарығындағы құлдыраудан соң шамамен $35 миллиард долларын жоғалтты. Бұған Құрама штаттар президенті Дональд Трамптың 17 мамырдағы шулы оқиғасы себеп болған. Бұл туралы Bloomberg жазады.
Мысалы, әлемдік байлар рейтингінің көшбасшысы Билл Гейтс $1 млрд жоғалтқан. Өйткені, оның иелігіндегі Microsoft компаниясының акциясы 2%-ға арзандаған.
Ал Facebook негіздеушісінің бірі Марк Цукерберг $2 миллиард жоғалтыпты. Яғни, танымал әлеуметтік желінің акциялық құны3,3%-ға түскен.
Amazon компаниясының басшысы Джеффри Безос $1,7 млрд. долларға кедейленіп қалды. Осылайша, оның иелігіндегі активтер саны азая түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу