Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 176 мың теңгені құрады

1529

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 320,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 176 мың теңгені құрады

2018 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 176 050 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына – 107,5%, ал нақты жалақы индексі 102,1% құрды, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 390,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 364,7 мың теңге (2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалыққызметте – 332,5 мың теңге (1,9 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 261,7 мың теңге (1,5 есеге асты), құрылыс саласында – 227,5 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 107,9 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,7% %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 320,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 109,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,7%-ға төмен.

Медиандық мәндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы біржолға зерттеу қорытындылары бойынша 106 253 теңгені құрады.

Модальдік мәндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 80021 теңгені құрады

Орташа айлық жалақының децильдік коэффициент дифференциациясы 6,6 құрады.

Ең жоғарғы жалақы мөлшері 13192,4 мың. теңге кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі түрлері салаларындағы бас директорда белгіленді. Ең төменгі жалақы мөлшері 15,6 мың.теңге білім беру және мемлекеттік басқару салаларында үй-жайларды жинап тазалаушыда белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу