Бір мезгілде күй орындау челленджіне 1 миллионға жуық оқушы қатысты

888

Еліміздің жеті мың білім беру ұйымында бір мезгілде "Балбырауын", "Адай" және "Сарыарқа" күйлері орындалды.

Бір мезгілде күй орындау челленджіне 1 миллионға жуық оқушы қатысты Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бұл туралы  inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, музыка, әсіресе домбыраның әуезді үні барлық ұлттарды жалпыадами құндылықтар - толеранттылық, төзімділік, бірлікке үндеп, бір арнаға тоғыстырады. Және өскелең ұрпақтың өз тарихы мен өнерін үйренуге деген ұмтылысы мен қызығушылығын оятады.

"Домбыра — мәдениетіміздің негізгі символдарының бірі, ұлттық құндылығымыз. Біздің оқушыларымыз, балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға белсенділік танытқаны қуантады. Бүгін домбыраның шанағынан төгілген үн еліміздің әр өңірінде әуеледі. Оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұраны сақтап, одан әрі жалғастырады деп сенемін",— деді Ғани Бейсембаев.

Челлендж соңында Оқу-ағарту министрі елордадағы Д. Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге күй орындады. "Наурыз мейрамы" мерекелік эстафетасына миллионға жуық қазақстандық оқушы қатысты. Ең кішкентайы-Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы "Ақбота" балабақшасының тәрбиеленушілері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу