Бір миллион босқынды еліне қайтарамыз – Ердоған

1509

Ресми мәлімет бойынша 3,5 миллионға жуық Сириялық босқын Түркияны паналап жүр. 

Бір миллион босқынды еліне қайтарамыз – Ердоған Фото: ашық дереккөз

Бүгінде Түркияда президенттікке үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуда. Кеше Анкарада халықпен кездескен Ердоған бір миллион босқынды еліне қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

multeciler.org.tr сайтындағы ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде Түркияда 3 миллион 382 мыңдай Сириялық босқын бар. Президенттің айтуынша, 500 мың босқын Сирияның солтүстігінде салынған брикет үйлерге жайғасып жатыр. Алдағы уақытта тағы бір миллион босқынды еліне қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.

Ал Ердоғанның сайлаудағы қарсыласы Кемал Қылышдароғлұ болса, ең аз екі жыл ішінде Түркияны паналаған Сириялықтарды Отанына қайтарамыз деді. Халыққа президент тағына отырған күннен-ақ осы мәселені қолға аламын деп уәде беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу