"Баламен сынамасын": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының қиын жағдайға тап болғанын айтты

2614

Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасында айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Баламен сынамасын": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының қиын жағдайға тап болғанын айтты Фото: @sultankyzy

"Кеше ұлым Дишинка апамен бірге сағат 13.00-де Scat рейсімен Астанадан Алматыға ұшу керек еді. Рейс қайта-қайта шегеріле берді. Қандай да бір себептерге байланысты шығар, білмеймін. Сосын сағат 17.00-де балам FlyАrystan ұшағына отырып, 18.30-19.00 шамасында қону керек болатын. 19.00-ден бастап балама звондаймын, телефоны өшірулі болды. 19.00-20.00 болды, бір уақытта, 21.00-ге таман ғой деймін, баламнан хабарлама келіп тұр: "Анашым, біз Түркістанға қондық. Алматының ауа райына байланысты. FlyАrystan шұғыл Түркістанға қарай ұшып кетті" деген. Ойбай, енді не болады, 22.00-дегі рейстің күйетіні бар, бұл қалай болады, баланың қорыққаны бар. Екі-үш рет Алматының үстінен айналып, ұшақ қона алмаған. Себебі кеше Алматыда жаңбыр болды, жел болды. Қасында отырған Ерболат Жанабылов тіпті қоштасу видеосын жазған. Оны балам айтқанда тіпті қорықтым. "Анашым, бар білетін 2-3 дұғамды оқыдым. Қайта-қайта оқыдым дейді. Таңертең тұра сала мал садақа, мешітке садақа беріп, Құран оқыттым, апаны шайға шақырдым. Аман болайық!" – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу