"Бір пәтерге 109 адам тіркеуге тұрған": Алматылық прокурорлар былықты ашты

124

Заңсыздыққа жол берген пәтер иесі жазаланды.  

"Бір пәтерге 109 адам тіркеуге тұрған": Алматылық прокурорлар былықты ашты Фото: jasqazaq.kz

Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғанын анықтады.

– "Резіңке" пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, – деп жазылған ресми хабарламада.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу