Бір самокатқа үш адам міну: полиция қауіпсіздікке шақырды

95

Алматыда электрлі самокаттар мен басқа да жеке мобильділік құралдарын қауіпсіз пайдалану мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір самокатқа үш адам міну: полиция қауіпсіздікке шақырды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері электрлі самокат қолданушылар саны артқан сайын әр жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтау жауапкершілігі де күшейетінін еске салады. Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, полиция жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін заң бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда.

Профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, қызметкерлер жеке мобильділік құралдарын пайдаланушыларға қолданыстағы заң талаптарын түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруда.

– Бүгінде электрсамокат күнделікті қатынас құралына айналды. Алайда қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Біз бір самокатқа екі, тіпті үш адамның мінгенін, көлемді жүктің тасымалданғанын және жол жүрісі қағидалары талаптарының бұзылғанын жиі көреміз. Мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады. Пайдаланушыларды белгіленген ережелерді сақтауға, жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарауға және қабылданып жатқан шаралардың басты мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін есте ұстауға шақырамыз, – деді Алматы қаласы ПД профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Абдигалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу