Су тасқынын алдын ала болжауға бола ма? Ғалымдар суперкомпьютер арқылы осындай ауқымды мәселелерді шешуге болады, - деп отыр.
Қазір елімізде 4 суперкомпьютер бар. Төртеуі де жоғары оқу орындарында жұмыс істеп тұр. Президенттің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін олардың санын тағы арттырмақшы. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.
Бұл істі жүзеге асыруға "Самұрық-Қазына" мен Group 42 компаниялары атсалысады. Ал айти мамандары суперкомпьютерлердің қалай, қандай мақсатта жұмыс істеп жатқаны жайлы ашық дерек жоқ. Сондықтан, оларды сатып алу - ысырапшылдық, - деп отыр.
Сонымен, Қазақстанға суперкомпьютер керек пе?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу