Шаршап та үлгермеген депутаттар, кей мәселелерін көтеріп те үлгермеген. Соған өздерінше қапалы. Сондықтан бұл демалыста жатпай-тұрмай ел араламақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Мәселен Ринат Зайытов Абай өңіріне бармақшы. Бірақ өзгелеріне қарағанда оның бір жақсысы бар екен. Халық депутат ретінде емес, оны ақын деп күтіп алатын көрінеді. Бұл бір табақ ет жеуге мүмкіндік береді,- дейді.
Демалыстың көкесі депутат Дәулет Мұқаевта болатын сияқты. Елдің де, шетелдің де туризімін дамытуға үлес қоспақшы.
Азат Перуашев пен Асхат Аймағамбетов мемлекеттік қызметте жүріп ысылғандар. Журналистерге қалай жауап беру керектігін біледі. Әдеттегідей демалуға уақыттары жоқ екен.
Жалпы бұл Парламенттің ең қысқа сессиясы болды. Депутаттар бар-жоғы 3 ай жұмыс істеді. Бірақ сол аралықта Қошановқа оңай тимепті. Спикердің уақыты жаңадан сайланғандарға мәжіліс тәртібін үйретумен өтті. Төрағадан ескерту алғандар да аз емес.
Айтпақшы, депутат Бейсенбаев каникулда Балқаш пен Алакөлге бармақшы. Ол да өзге әріптестері сияқты 1 қыркүйекке дейін демалады.