Бір танкті жөндеу үш жылға созылады

834

Сенатор Талғат Мұсабаев "Семей инжиниринг" АҚ-ға барғанда осы олқылықты түзейтінін айтты.

Бір танкті жөндеу үш жылға созылады Фото: altaynews.kz

Дариға Назарбаева бастаған ресми делегация Семей қаласындағы "Шығыс" өңірлік әскери қолбасшылығының әскери бөлімдерін, әскери техника мен қару-жарақ түрлерін дайындайтын кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Олар ең алдымен Семейдегі 54835 әскери базасына келді. Облыс әкімі Даниал Ахметов, Семей қалаының басшысы Ермак Бидахметовтер мен бірге осы жердегі МИ-7, МИ-17, МИ-24, Си-145 тікұшақтарымен танысты. Ал халықаралық қауіпсіздік мәселесінде ең маңыздысы- Eurocopter Ec145 тікұшағы болып шықты.

"Шығыс" өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағановтың айтуынша, еврокоптерлік тікұшақтар жаңа ғасыр техникасы. Кабиналары шыныдан жасалған, цифрлы жүйеде автоматтандырылған. Басқа тікұшақтар 1950 жылдары жетілдіріліп жасалса, мына еврокоптер ХХІ ғасырдың технологиясы.

"Әскери авиабазаның қандай проблемалары бар? Ел қорғанысын күшейтуде қандай мәселелерді қамту қажет?"-деп сұрады Дариға Назарбаева.

Әскерилердің айтуынша, бұл жерде кешенді ғимарат жоқ болып шықты. Авиациялық техника тұрған нысанды толық жөндеуден өткізу керек. Ал ұшқыштарға қажетті дайындық алаңын жасау керек. Дайындық алаңы бұл жерде тіпті болмаған.

Сенаторлар бұдан соң "Семей инжиниринг" АҚ-ға, 28738 әскери бөлімінің артиллериялық бригадасына барды.

"Семей инжиниринг" АҚ үнемі жаңарып, жаңғыртылып отырады,-деді сенатор Талғат Мұсабаев,-себебі, танктеріміздің саны жыл сайын көбейіп келеді. Сапа мәселесі де бірінші кезекте тұр. Бұрынғы ескі танктер кез келген техника сияқты тозып кеткен, ол рас. Пайдалану мерзімі деген бар. Танктерді жөндеу мұнда үш жылға дейін созылады екен. Сондықтан да біз төрайымымыз Дариға Назарбаевамен бірге танктерді жөндеу мерзімін үш жылдан да азайтсақ деген қорытындыға келдік. Семейде әскери техниканы қысқа мерзімде жөндеп шығу үшін барлық мүмкіндіктер жеткілікті".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу