Бір тәулік ішінде Қарағанды облысының ауруханаларына 28 кенші жеткізілді

289

Оның 24-і ем алуға жатқызылып, қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өткен соң амбулаториялық ем алуға жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір тәулік ішінде Қарағанды облысының ауруханаларына 28 кенші жеткізілді Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін құрамында токсиколог, травматолог-ортопед және нейрохирург бар жоғары дәрежелі дәрігерлер тобын Қарағандыға жібереді.

Зардап шеккен кеншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін саланың үздік мамандарын тарта отырып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Қазіргі уақытта 18 адам проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді, оның 17-сі стационарлық емдеуге жатқызылды, 1 зардап шегуші амбулаториялық емделуде.

Жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдармен уланудан зардап шеккен 15 адам аурухананың токсикология бөлімшесінде емделуде. Бір адам политравмамен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, жағдайы ауыр, тұрақты, есінде.

Жағдайы орташа ауырлықтағы тағы бір зардап шегуші травматология бөлімшесінде медициналық көмек алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу