"Жауын-шашын салдарынан коммуналдық қызметтер полицияның патрульдік көліктерінің көмегімен көшелерді тазарту үшін барынша арнайы техниканы пайдаланды. Өткен тәулікте елордада 114 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам зардап шекті", – деп мәлімдейді департаменттің баспасөз қызметінен.
"Жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежегішті қатты баспауды, арақашықтықты сақтауды, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауды, жеке көліктерін жол бойында қалдырмауды және жол жүрмеуін, қар жинау техникасына кедергі келтірмеуді сұраймыз", – дейді әкімшілік полиция департаменті басшысы Елжан Шөпеков.
Сонымен қатар полиция көше бойында механикаландырылған тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін көліктерді қою фактілері бойынша жүргізушілерге әкімшілік шара қолданылып, көліктер эвакуацияланатындығын да хабарлады.
Ауа райы жағдайын ескере отырып, полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде балалар мен қарт жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде көмек көрсетеді. Жаяу жүргіншілер көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіп, белгіленген жерлерден ғана өтуі керек.