Бір тәулікте 2,5 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты

600

Ведомствааралық комиссия деректері бойынша, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 063 жағдай тіркелді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Бір тәулікте 2,5 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты

Алматыда – 423, Астанада – 281, Алматы облысында – 197, Қарағанды облысында – 172, Павлодар облысында – 140, Шығыс Қазақстан облысында – 140, Ақтөбе облысында – 111, Солтүстік Қазақстан облысында – 108, Қостанай облысында – 97, Батыс Қазақстан облысында – 70, Шымкент қаласында – 68, Ақмола облысында – 67, Атырау облысында – 51, Жамбыл облысында – 46, Түркістан облысында – 43, Қызылорда облысында – 39, Маңғыстау облысында – 67, облыс – 10. 

Жалпы елде КВИ-дің 898 225 жағдайы расталған. Барлығы 838 451 адам сауыққан (бір тәулік ішінде сауыққандар – 2 646).

55 956 адам коронавирус инфекциясынан (48 352 КВИ+ және 7 604 КВИ-) емделуде, олардың ішінде: 9 562 пациент стационарда, 46 394 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 747 адамның жағдайы ауыр, 206 пациенттің жағдайы өте ауыр, 124 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына тоқталсақ: 

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу