Бір тәулікте 2586 адамнан коронавирус анықталып отыр

691

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 8 сәуірдегі ақпарат.

Бір тәулікте 2586 адамнан коронавирус анықталып отыр Фото: Максим Морозов

8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 29 655 адам короновирус инфекциясынан (28 794 КВИ+ және 861 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 828 пациент стационарда, 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ таратқан ақпаратқа сүйеніп.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 522 адамның жағдайы ауыр, 151 пациенттің жағдайы өте ауыр, 87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатарына тағы 2586 адам қосылды. Осылайша елге індет кіргелі бұл аурумен ауырғандар саны 261503-ке жетіп отыр. Олардың 229538-і жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу