Бір тәулікте 900-ден аса жер сілкінісі тіркелді

266

Олардың кейбірінің магнитудасы 5,7 баллға дейін жеткен. 

Бір тәулікте 900-ден аса жер сілкінісі тіркелді Фото: Беларусь сегодня

Соңғы 24 сағатта әлемде 917 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

volcanodiscovery зерттеу мамандарының айтуынша, 917 жер сілкінісінің тек төртеуі ғана 5 балл немесе одан жоғары болған. Басқа жағдайларда:

• 36 жер сілкінісінің күші 4-5 балл;

• 3-4 балдық 109 жер сілкінісі;

• магнитудасы 2-ден 3-ке дейінгі 212 жер асты дүмпулері;

• 2 баллдан аз 556 жер сілкінісі.

Соңғы 2,3 магнитудалық жер сілкінісі Италияның Аоста қаласында болды, ал ең күшті 5,7 балдық жер сілкінісін Фиджи тұрғындары бастан өткерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу