Бір тәулікте 9 698 адамнан коронавирус анықталды

1139

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 17 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Бір тәулікте 9 698 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 698 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 071 130-ға жетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша 86 017 адам коронавирус инфекциясынан (84 406 КВИ+ және 1 611 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 7 388 пациент стационарда, 78 629 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 251 адамның жағдайы ауыр, 83 пациенттің жағдайы өте ауыр, 50 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу