Бір тәулікте Астанадан 50 мың текше метрден астам қар шығарылды

480

Шаһардың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

Бір тәулікте Астанадан 50 мың текше метрден астам қар шығарылды Фото: gov.kz

Бір тәулікте Астанадан 50 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4 қаңтардан 5-іне қараған түні қаладан полигондарға 50 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 3 808 жүк көлігіне тең. Қыс басталғалы бері коммуналдық қызметтер қаладан 106 мыңнан астам жүк көлігіне толы қарды шығарды. Бұл 1,3 млн текше метрден астам қар", - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Әкімдіктің мәліметінше, қалада қар тазалау жұмыстарына мыңнан астам арнайы техника, 2 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу