Қазақстанда бір тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Өткен тәуліктің ішінде ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері 254 мәрте төтенше жағдай оқиғаларының орнына барды. Атап айтқанда, өткен тәулікте ел аумағында 65 өрт жағдайы, 124 оттың тұтану жағдайы, 44 апаттық-құтқару жұмыстары мен 4 іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Әртүрлі сипатта 15 жағдай тіркеліп, 2 хабарламаның жалған екені анықталды. 11 адам құтқарылды. Олардың екеуі бала", – деді Владимир Беккер.
Комитет төрағасы өз баяндамасында 3 табиғи өрт жағдайының және 1 газ балонның жарылу оқиғасы тіркелгенін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу