Бір тәулікте коронавирустың жаңадан 2893 жағдайы тіркелді

1167

Қазақстанда 39 859 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

Бір тәулікте коронавирустың жаңадан 2893 жағдайы тіркелді Фото: Максим Морозов

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күннен күнге артуда. Өткен тәулікте жаңадан 2893 жағдай тіркелген. Осылайша елді індет жайлағалы бұл ауруға шалдыққандардың жалпы саны 297 839-ға жетіп отыр. Олардың бүгінге дейін 254 971-і емделіп, айығыпты. Бұл COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

22 сәуірдегі мәлімет бойынша, бүгінде Қазақстанда 39 859 адам дәл осы індеттен емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 034 пациент стационарда, 25 825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 679 адамның жағдайы ауыр, 181 пациенттің жағдайы өте ауыр, 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке тоқталсақ, 2021 жылғы 20 сәуірдегі мәлімет бойынша 123 жаңа жағдай тіркеліпті. 74 адам жазылғандар санатына қосылса, өкінішке қарай 4 жағдай өліммен аяқталған.

Өңірлердегі науқастар санын жаза кетсек:

Алматы қаласында - 48295 (+695),

Нұр-Сұлтан қаласында - 41214 (+574),

Шығыс Қазақстан облысында - 24129 (+93),

Қарағанды облысында - 21399 (+225),

Атырау облысында - 21046 (+140),

Павлодар облысында - 19991 (+55),

Алматы облысында - 19361 (+240),

Батыс Қазақстан облысында – 17923 (+185),

Ақмола облысында – 17150 (+97),

Қостанай облысында - 14491 (+33),

Солтүстік Қазақстан облысында - 13697 (+27),

Шымкент қаласында - 8536 (+112),

Ақтөбе облысында - 8053 (+117),

Жамбыл облысында - 7267 (+69),

Маңғыстау облысында - 5244 (+108),

Түркістан облысында - 5081 (+51),

Қызылорда облысында - 4962 (+72).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу