Бір тәулікте мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

756

2021 жылдың 15 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

Бір тәулікте мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

15 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 129 адам короновирус инфекциясынан (15 043 КВИ+ және 4 086 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 285 пациент стационарда, 13 844 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды  inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 231 адамның жағдайы ауыр, 51 пациенттің жағдайы өте ауыр, 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі мәліметінде.

Айта кетсек, өткен тәулікте тағы 1011 адамнан коронавирус анықталды. Шұғыл штабтың хабарлауынша, елде індет тіркелгелі бері инфекцияны жұқтырғандар саны 224731-ге жеткен. Олардың бүгінде 206832-сі дертінен айыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу