Бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды

999

Ұсталған азаматтардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. .

Бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды

Алматы облысында бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

12 адамның да карантиндік қадағалау объектілерінен заңсыз жолмен өту әрекеттері сәтсіз аяқталды.

Бірнеше оқиға Алматы қаласына іргелес тосқауыл-бекеттерде болды. Олардың ішінде айналма жолмен өтуге тырысқан азаматтар да бар.

"Түрлі амал-айлаға баратын азаматтар бекеттерді айналып өтуге тырысады. Агрессия көрсетіп, қарсылық танытып, тіпті полиция өкілдерінің заңды талаптарына да бағынғысы келмейтіндер кезігіп жатады. Жалпы, төтенше жағдай режимін бұзғандарға – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу туралы жаза қарастырылады. Бұдан өзге, төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбаған азаматтарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары, не сол мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – деп хабарлайды Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасының басшысы Марат Куштыбаев.

Ұсталған азаматтардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір күдіктілер бестен сегіз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу