Бір топ адамды көлігімен қасақана таптап өтті

1419

11 адамды мерт болып, 46 адам түрлі жарақат алған. 

Бір топ адамды көлігімен қасақана таптап өтті

Қытайдың Хэнъян қаласында автокөлік жүргізушісі қасақана бір топ адамды қағып, 11 адамды мерт қылды, 46 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды 24.kz.

 Қайғылы оқиға сәрсенбі күні кешкісін халық орталық алаңға серуендеуге шыққанда болған. Қызыл автокөлік алаңсыз көше қыдырып жүргендерді жайпап өтті. Көлікті басқарған қанды қол қылмыскер бұған дейін бірнеше рет істі болған көрінеді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, тұтқынға алынған адам обыр дертіне шалдыққан. Әбден амалы құрып, ызаға булыққан ол осындай қадамға барған деген болжам бар. Алайда бұл мәлімет ресми түрде әлі расталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу