Бір топ алаяқ Астана тұрғынын 120 мың долларға тақырға отырғызды

540

Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды. 

Бір топ алаяқ Астана тұрғынын 120 мың долларға тақырға отырғызды Фото: 24.kz

Шымкентте құқық қорғаушылар мен Ұлттық ұлан арнайы жасағының қызметкерлері бірігіп өткізген арнайы операциясы кезінде күдіктілер ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Олар астаналық кәсіпкерге бизнестегі серіктесі ретінде хабарласып, 120 мың доллар қарыз сұраған. Алаяқтардың сөзіне сенген ол Алматыға барып, келісілген шарт бойынша танымайтын азаматтың қолына қыруар қаржыны ұстатады.

Кейін кәсіпкер танысына хабарласып берешегін сұрағанда, серіктесі қарыз туралы ешнәрсе білмейтін болып шықты.

Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу