Бір топ алматылық аштық жариялады (Видео)

1611

Аштық жариялағандар қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. 

Бір топ алматылық аштық жариялады (Видео)

Бүгін Алматыдағы Зерделі ықшамауданы мен "Кәусар" тұрғын үй кешені мен Көкжиек ықшам ауданының бір топ тұрғыны аштық жариялады.

Олар пәтер иелері коперативі – Facility management қызметінен бас тартпақ.

Тұрғындар бұл мекеменің қызметін өз еріктерімен таңдамағанын, Facility management тұрғындардан жинаған қаржы туралы мүлдем есеп бермейтінін айтады. Мәселен, тұрғындар соңғы 4 жылда жиналған қаржы көлемі туралы ешбір ақпарат ала алмаған. 

Аштық жариялағандар қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар бар. 

Facility management өкілдері тұрғындармен тілдесуге шыққан жоқ. Компанияның Алматы әкімдігінде көрсетілген нөміріне хабарласқанымызда, компания өкілі бұл тұрғын үй кешініне жауапты еместігін айтты. Ал тұрғындар таңертең бастаған аштық акциясын жалғастыруда. 

Олар "қашан компания өкілі келіп сұрақтарына жауап бергенше, тұрамыз" дейді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу