Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Генерал-лейтенант әскери атағы:
- Балтабеков Аңсаған Скендерұлына;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы:
- Төлеуов Асхат Қалмағамбетұлына;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
- Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлына;
Генерал-майор әскери атағы:
- Аманбаев Марғұлан Топашұлына,
- Ботабаев Алтай Уәлиханұлына,
- Мырзахметов Айдос Сәкенұлына,
- Хасенов Жұмабек Хасенұлына;
Авиация генерал-майоры әскери атағы:
- Еспағанбетов Тимур Төлегенұлына;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
- Дүйсенов Марат Жақанұлына,
- Үкенов Саламат Хамитұлына;
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
- Балғабаев Ерболат Темірболатұлына,
- Жүнісов Арман Оразұлына,
- Остроумов Руслан Игорьевичке;
Полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
- Мұқашев Нұрсұлтан Маратұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
- Кұттықов Руфат Бауыржанұлына,
- Мұхаметжанов Алмаз Оралұлына берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсіміне қатысушылармен бірге суретке түсті.