"Бір топ велосипедшіні қағып өткен": Өскемендік жүргізушінің жантүршігерлік видеосы жарияланды

Оқиғадан соң 6 жас спортшы дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.   

"Бір топ велосипедшіні қағып өткен": Өскемендік жүргізушінің жантүршігерлік видеосы жарияланды Фото: бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде велосипедшілерді қағып кеткен көліктің бейнежазбасы кеңінен тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кадрлардан жолдың дәл ортасында келе жатқан жеңіл автокөліктің кілт бұрылып, жол жиегіндегі балаларды жайпап өткенін байқау қиын емес. Велосипед айдағандардың бірі ғана автокөліктің қағып кетуінен қашып, жүрісін тездеткен. Қалғандары жаппай соққыға түсіп, жарақат алған. Жүргізушінің іс-әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызған. 

Жаза кеткен жөн, оқиға 27 мамыр күні таңғы сағат 09:30 шамасында Ертіс өзені арқылы өтетін орталық көпірде болған. "Toyota Avensis" маркалы автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны, жол жиегімен кетіп бара жатқан велосипедшілер тобына соқтығысқаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу