"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, түні бойы жолшылар мен полиция қызметкерлері еліміздің тасжолдарында кезекшілік атқарған.
Күн райының қолдайсыздығына байланысты республикада 9 тас жолы жабылып, оларда шамамен 300 көлік қалған. Арасында жолаушылар мінген автобустар да бар.
"Абай облысында жолшылар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге "Алматы-Өскемен" тасжолынан 100-ден астам жүк көлігі мен 45 жолаушысы бар 2 автобусты қар құрсауынан шығарып алып, діттеген жеріне жеткізді. Сонымен қатар, жанармайы қатып, жолда қалған жүк көліктерінің жүргізушілеріне де көмек көрсетті. Олар жылы арнаулы орындарға жеткізілді", – деп атап өтеді компаниядан.