Бір түнде Астанадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды

350

Елордада қарқынды қар тазалау жұмыстары жалғасуда.  

Бір түнде Астанадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Таңертең қар тазалауға 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

4 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарында 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмыс істейді.

3 наурыздан 4 наурызға қараған түні қаладан 1,88 мың ауыр жүк көлеміне тең 23,4 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басынан бері қаладан полигондарға 423,2 мың рейс, 5,7 млн текше метр қар шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу