Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, ұрлық түнгі уақытта Әуезов көшесінде жасалған. Үйдің ауласында тұрған Lada Priora автокөлігінен автомагнитолла, планшет, әмиян ұрланған. Автокөлік иесі ұрлық жасалғанын таңертең ғана байқап, дереу полицияға жүгінген.
Сол күні полицияға қаланың басқа тұрғынынан осыған ұқсас арыз түскен. Белгісіз адам Mercedes Benz автокөлігінің салонына кіріп, қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 41 жастағы қала тұрғынын анықтады. Күдіктінің түнде есігі ашық қалған көлік кезігіп қалар деген қылмыстық оймен көліктердің тұтқаларын тартып көргені анықталды.
Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.