Бір үйдің 2 баласы бас сүйегінің жабық жарақатын алды

936

Орал қаласында бір отбасының 2 баласы 5 қабатты үйдің терезесінен құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бір үйдің 2 баласы бас сүйегінің жабық жарақатын алды

"6 және 3 жасар ұлдар ересектердің қарауынсыз қалып, терезеден құлап кетті. Зардап шеккен балалар ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр. Алдын ала қойылған диагноз бойынша балалар бас сүйегі мен іштің жабық жарақатын алған. Олардан ми шайқалу белгісі анықталған", – деп нақтылады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу