Бір үйдің 2 баласына азғындық жасаған қылмыскер қамауға алынды

1360

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының тәртіп сақшыларымен бірлесіп, Қарағанды қаласының 54 жастағы тұрғынын ұстады.  

Бір үйдің 2 баласына азғындық жасаған қылмыскер қамауға алынды

Ол жас балаларға қатысты азғындық жасап, оны видеоға түсіріп, интернетке таратқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Министрліктің киберқылмыспен күрес орталығының қызметкерлері шетелдік әріптестерінен ТОR жабық желісінде Қазақстан аумағынан белгісіз пайдаланушының жас балалардың қатысуымен азғындық көрінісі бар бейнежазба тарататыны туралы ақпарат алды. Ашық дереккөзді зерттеу кезінде полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысқан балаларға ұқсас балалардың фотосуреттерін тапты. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде 2007-2009 жылдары туған, кәмелетке толмаған ағалы-қарындасты балалар анықталды. Олар өткен жылдан бастап, аналары қайтыс болғаннан кейін балалар үйлерінің бірінде тәрбиеленіп жатыр. Әкелерінің қайда екені белгісіз. Олардың айтуынша, анасының көзі тірісінде олардың үйіне бір ер адам келіп, аналарына үй шаруасына көмектескен. Аналары үйде болмаған кезде ол балаларға азғындық жасап, смартфонына түсірген. Бұл бірнеше рет қайталанған. Бұл туралы олардың аналары білмеген. Коммуналдық кәсіпорындардың бірінің 54 жастағы қызметкері анықталып ұсталды, ол жауап алу кезінде өз ісін мойындады. Тінту кезінде одан бейнежазбалар сақталған ұялы телефон тәркіленді. Ер адам қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды", – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу