Бір үйір жылқы қарға батып өлді

388

Олардың өлексесін мал іздеуге шыққан тұрғындар кездейсоқ тауып алды.

Бір үйір жылқы қарға батып өлді Фото: Мұғалжар аудандық әкімдігі

Ақтөбе облысында ақтүтек боран бір аптаға созылған еді. Желдің қатты болғаны соншалық, үйлердің шатыры ұшып, мыңдаған көлік жолда қалды. Тіпті, қарға адым жерді көру мүмкін болмады. Қолайсыз ауа райы төрт түлікке де ауыр тиген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұғалжар ауданындағы Құмсай және Ақсай деп аталатын ауылдардың ортасында қараған бұталарын ықтап келген жеті жылқы қарға көміліп өлді. Олардың денесі толықтай қар астында қалған, тек кейбірінің ғана басы көрініп жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының айтуынша, бұл жылқылар жақын жердегі ауылдарға тиесілі емес, алыстан ығып келген.

"7 жылқының өлексесі Ащысай ауылдық округінің аумағынан, қараған арасынан табылды. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдері мен мал дәрігерлері бірігіп, таңбалары арқылы иесін анықтау жұмысы жүргізілуде", - дейді Бауыржан Жолмағамбет. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу