Бір жарым миллион тұрғын баспанасыз қалды

967

Бір жарым миллион тұрғын баспанасыз қалды

Үндістанның Ассам штатындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті. Бір жарым миллион тұрғын баспанасыз қалған, деп хабарлайды 24.kz.

Мұнда жауын екі апта бойы тоқтаусыз жауған. Салдарынан Брахмапутра өзені тасыды. Соңғы деректерге қарағанда 2 жарым мың елді мекенді су шайып кетті.

Пәкістанда да осыған ұқсас жағдай. Тасқын су елдің солтүстік-шығысындағы тұрғындардың есін шығарды. Табиғаттың тосын мінезінен 12 адам ажал құшты. Жергілікті метеорологтардың болжамы да көңіл көншітпей тұр. Олардың айтуынша, жауын шашын әлі де басылмайды. Оның үстіне апта соңында ел аймағына жаңа циклон жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу