Бір жарым сағаттық "жұмысы" үшін 10 жылға сотталды

Есірткі тасушы бас бостандығынан айырылды. 

Бір жарым сағаттық "жұмысы" үшін 10 жылға сотталды Фото: vsluh.ru

Павлодар қаласында есірткіні интернеттегі нұсқаушысы көрсеткен мекенжайларға таратып жүрген тұрғын ұсталып, ісі сотта қаралды. Оның қалтасынан ұнтақ салынған бірнеше шағын пакет табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сот отырысының барысында белгілі болғандай, жас жігіт Павлодарға жұмыс күші көп өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келген. Бастапқы уақытта слесарь болып жұмыс істеген. Кейін қысқартуға түсіп қалып, тұрақты табысынан айырылған. Әйелімен бірге сәби тәрбиелеп отырған отағасы үйге кіріс әкелмек болып, жұмыс істей бастаған. Сөйтіп, осы жылдың ақпан айында мессенджер арқылы курьерлік жұмысты тауып, бір ай атқаруға келіскен.

Сот ісінің материалдарына сүйенсек, есірткі оралған бір пакетті көрсетілген мекенжайға қалдырғаны үшін оған 1145 теңге төлейтін болған. Интернеттегі кураторы көрсеткен бағыттар бойынша партияларды таратуды бастаған. Сағат 11.11-де пакеттерді алып, бір жарым сағат аралығында оны екі мекенжайға апарып үлгерген. Сағат 12.40-та оны полиция өкілдері ұстап, қалтасынан тағы үш орама тапты.

"Сотталушы 297-бабы 3-бөлімі 1, 3 және 5-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Мүлкі де тәркіленеді", - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу