"Мен отбасымның, ең бастысы балаларымның алдында кінәлімін. Біз сәбидің дүниеге келуін күттік. Бірақ осы кішкентай құлыншағым маған қазір үміт сәулесін төгеді деп еш ойламаппын. Мені соттамас бұрын, әйелім қатты ауырды, оған кесарь тілігін жасауға тура келді. Не әйелім, не қызым ғана аман қалады дегенді айтты сол кезде. Өте ауыр болды. Құдайға шүкір, қазір бәрі ойдағыдай! Баламмен, жақындарыммен кездестіргендеріңізге рахмет", – деді сотталған адам.
"Кездесу бөлмесі – пенитенциарлық мекемелердің ең маңызды нысандарының бірі. Онда бостандығынан айырылғандар ең қымбат адамдарын көреді. Облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл орынға ерекше көңіл бөледі, үй-жайды барынша қолайлы етуге тырысады", – дейді мекеме қызметкерлері.
Аталмыш мекемедегі кездесу бөлмесіне Еуропалық Одақ пен БҰҰ-ның бірлескен бағдарламасын іске асыру мақсатында жөндеу жүргізіліп, жаңа жиһаз бен балалар ойыншықтары сатып алынған. Бағдарлама сотталғандарды оңалту мен босатылғаннан кейін қайта әлеуметтік реинтеграциялауды көздейді. Мамандардың пікіріне сүйенсек, босатардың алдында отбасылық қатынастарды нығайтуға күш салу – маңызды элемент.
Тасқын Болатұлы