Бір жұмысты істеп отырған "ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" біріктіріледі

702

Автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Бір жұмысты істеп отырған "ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" біріктіріледі

"Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке "ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодорды" біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде, қызметкерлердің саны да қысқаратын болады", – деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу