Бір жыл бойы тұрақты түрде вейп қолданған жасөспірім тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққан

Мамандар вейптың зияны туралы ақпарат берді.  

Бір жыл бойы тұрақты түрде вейп қолданған жасөспірім тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққан Фото: Ямал-Медиа

Орталық коммуникациялар алаңында осы тақырыпқа қатысты брифинг өтті. Жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева электронды темекілердің зияны туралы сөз қозғады.

"Бүгінгі таңда электронды темекілер немесе вейптердің, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында танымалдығы артып келеді. Бір мысал келтіріп кетсем. Бізге ақпан айында жасөспірім бала пневмоторакс және туберкулезді эмфизема диагнозымен түсті. Аурудың себебін тексеру барысында оның жыл бойы электронды жүйелерді тұрақты тұтынатыны анықталды", - деді Сәрсенбаева Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, ақпан айында оған қажетті медициналық көмек көрсетілген, науқастың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылған, бірақ бір айдан кейін дене қызуы көтеріліп, қайта ауруханаға түскен.

"Ауруханаға бұл жеткіншек дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген күйде түсті, оған төменгі жақтың пневмониясы диагнозы қойылды. Мұндай фактілер бүгінде назарға алынуы керек. Халыққа электронды жүйелерді пайдаланудың зияны мен қауіп-қатері туралы ақпарат беру маңызды", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу