13 ай бұрын комаға түскен "Аякс" амстердам футбол клубының ойыншысы Абдельхак Нури есін жиды, деп хабарлайды Алтайньюс Eurosport-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы еуропалық телеарнаға спортшының ағасы мәлімдеген.
"Жалпы жағдайы жаман емес. Физикалық тұрғыда қиын, әлбетте. Қазір тек басымен қимылдай алады. Кейде креслоға отырғызамыз. Бізбен ымдап қана сөйлеседі", – деді ол.
Абдельхак ес-түсін білмей жатқанда, дәрігерлер қызықты эксперимент жасаған екен. Науқастың кеудесіне футбол добын қойып қойған. Осы сәтте футболшы сәл ғана күлімсіреген көрінеді.
Айта кетсек, 21 жастағы жартылай қорғаушы Абдельхак Нури 2017 жылдың 8 шілдесінде "Вердер" клубымен болған жолдастық кездесу кезінде, тура алаңның ортасында есінен танып қалған. Ол тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Жүрегі ұстап қалғанын айтқан дәрігерлер, Абдельхакты жасанды комаға ауыстырған еді.