Бір жыл ішінде өсімдік майы шамамен 18%-ға қымбаттады

2022 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты 82,9%-ға қамтамасыз етті. 

Бір жыл ішінде өсімдік майы шамамен 18%-ға қымбаттады Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасында 111,8 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 31%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте тазартылған май өндіру бір жылда 1,3%-ға немесе 25,3 мың тоннаға дейін төмендесе, тазартылмаған май өндіру, керісінше 40,2%-ға немесе 86,4 мың тоннаға дейін өсті.

Өңірлік тұрғыда ең көп өсімдік майы Шығыс Қазақстан облысында өндірілді: 11,6 мың тонна тазартылған және 30,4 мың тонна тазартылмаған.

Тазартылған өнім өндіру бойынша Алматы екінші орында (6,8 мың тонна), үшінші орында – Шымкент (5,7 мың тонна). Тазартылмаған май өндіру бойынша екінші орында Абай облысы (20,3 мың тонна), үшінші орында – Алматы (12,2 мың тонна).

Еліміздегі өсімдік майы өндірісінің 77%-ы күнбағыс майына тиесілі. Тазартылмаған күнбағыс майы 68,5 мың тонна өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,1 есе көп. Тазартылған – 17,6 мың тонна, көрсеткіш 45,9% төмендеді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты (ішкі нарықтағы сату + экспорт) 82,9%-ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын 74,7% болатын.

Жергілікті компаниялардың өндірісі бір жылда 43% өсіп, 644,3 мың тоннаға жетті. Импорт, керісінше 13%-ға азайып, 133 мың тоннаны құрады. Импорттың үлесі (бір жыл бұрын 25,3%) 17,1% болды.

Өсімдік майының экспорты бірден 2,1 есе өсіп, 320,5 мың тоннаға жетті. Бұл ресурстардың 41,2%-ын құрады. Еліміздің ішкі нарығында өсімдік майының сатылымы 456,8 мың тонна болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,7% артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу