Бір жылда 16 млн тонна мұнай өңделді

1141

Елдегі үш мұнай өңдеу зауыты бензин өндірісін 15,5%-ға арттырды.

Бір жылда 16 млн тонна мұнай өңделді

Интерфакс-Казахстан сайтының жазуынша, 2019 жылы Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай-химия зауыттары 16,079 млн тонна мұнай өңдеген. Осылайша мұнай өңдеу көлемі бір жылдың ішінде 4,8% өскен. 

"Энергетика министрлігінің дерегі бойынша, елдегі бензин өндірісінің көлемі 15,5%(4,5 млн тонна), дизель отынның өндірісі 7,8%(4,8 млн тонна), авиа отынның өндірісі 1,6 есе625 мың тонна), сығымдалған газ өндірісі 2,6%(3,1 млн тонна) артты. Тек мазут өндірісі 3,2%(2,7 млн тонна) кеміген", – деп жазады "Интерфакс".

Атырау мен Павлодардағы зауыттар "ҚазМұнайГаз" компаниясының бақылауында. Ал Шымкент зауытына "ҚазМұнайГаз" бен CNPC  теңдей иелік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу