Бір жылда азық-түлік бағасы 22,2%-ға қымбаттады

Қыркүйек айында инфляция деңгейі 1,8%-ға өсті. Бұл биылғы наурыз айынан бері есептегенде ең жоғары көрсеткіш (3,7%).

Бір жылда азық-түлік бағасы 22,2%-ға қымбаттады

Алдыңғы өткен 6 жылда қыркүйек айларында бағаның өсуі ешқашан 0,4%-дан аспаған, ал алдыңғы 15 жылдағы орташа деңгей 0,55%-ды құрайды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Инфляцияның өсуіне тарифтер ықпал етті. Ақылы қызметтер 2,7%-ға қымбаттады. Бір жыл ішінде алғаш рет қызмет көрсету инфляциясы азық-түлік және өзге тауарларға қарағанда жоғары болды. 2010 жылдың қаңтарынан бастап қызмет көрсету бағасы бұлай күрт өскен емес.

Азық-түлік тауарлары 1,2%-ға қымбаттады. Өткен 15 жылда қыркүйекте бағаның орташа өсімі 0,27%-ды құрады.

Азық-түлік емес тауарлар 1,9%-ға қымбаттады. Соңғы рет бағаның күрт өсуі 2022 жылдың наурызында болды (2,8%) тіркелген. Оған дейін 2015 жылғы қарашада (6,5%) осыған ұқсас динамика байқалған.

Жылдық инфляция 17,7%-ды құрады. 2009 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш бұдан жоғары болған емес. Ал 2016 жылдың шілдесінде қымбатшылық деңгейі шамалас болды.

Соңғы бір жылда азық-түлік 22,2%-ға,  азық-түлік емес тауарлар – 17%-ға, қызметтер – 12,3%-ға қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу