Бір жылда азық-түлік бағасы 25,7%-ға қымбаттады

524

Республика өңірлерінің бірінде бағаның жылдық өсуі 31%-дан асқан.

Бір жылда азық-түлік бағасы 25,7%-ға қымбаттады Фото: google.com

Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша республикада азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1,4%-ға, ал бір жылда 25,7%-ға қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Бағаның ең жоғары айлық өсімі Астана және Шымкентте тіркелді: әр өңірде +2,2%. Азық-түлік бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да байқалды.

Жылдық динамикада Маңғыстау облысында азық-түлік тауарлары 31,5%-ға ға қымбаттады. Антилидерлер үштігінде Түркістан облысы (+27,4%) және Шымкент қаласы (+27,2%) бар. Бағаның ең төмен жылдық өсуі Алматы облысында тіркелді:+23,8%.

Жемістер мен көкөніс бағасы бір айда 4,5%-ға, жылдық динамикада 21,2%-ға қымбаттады. Оның ішінде жеміс бағасы бір айда 1,6%-ға және бір жылда 19,7%-ға өссе, көкөністер айлық динамикада 10,2%-ға және бір жылда 21%-ға қымбаттады.

Жемістер арасында кептірілген өрік (+62,3%), банан (+45,2%), апельсин (+30,5%), алма (+12,4%) және лимон (+8,5%) бағасы айтарлықтай артқан.

Ал, көкөністер арасында пияз (+62,4%), қияр (55,6%-ға), қызанақ (20,3%-ға), картоп (9,8%-ға), қызылша (1,9%-ға) және сәбіз (1,2%-ға) бағасы жылдық динамикада айтарлықтай қымбаттады.

Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1,2%-ға, бір жылда 32,4%-ға өсті. 

Ет пен ет өнімдері бір айда 0,5%-ға, жылдық динамикада 16,9%-ға қымбаттаған. 

Он дана жұмыртқа бағасы 486 теңгеге сатылды. Бұл былтырғы желтоқсанға қарағанда 1,7%-ға,  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ға қымбат.

Бұл ретте ұн бағасы бір айда 0,7%-ға, бір жылда 42,8%-ға, ал нан бір айда 0,3%-ға және жылдық динамикада 19,2%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ, макарон өнімдерінің бағасы бір айда 0,9%-ға және бір жылда 42,3%-ға, жарма бағасы айлық динамикада 0,4%-ға және бір жылда 35,1%-ға өсті. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу