Жалп 2019 жылы еліміз 22 жұмысқа қабілетті тұрғындарынан "айрылды", деп хабарлайды ranking.kz.
2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елдегі ішкі көші-қон ағыны 1,1 млн адамға жетті, бұл 2018 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 25,6%-ға көп.
Ішкі көші-қонға тоқталар болсақ, өткен жылдың қаңтар- желтоқсанында елге келгендер саны 12,26 мың адам болды, ал кеткендер саны бірден 45,2 мың адамға жетті.
Елге келгендер ішінде 1,7 мың бала мен жасөспірім, 9,5 мың жұмысқа қабілетті тұрғын және 1,1 мың зейнеткер бар. Ал кеткендер қатарында 11,7 бала мен жасөспірім, 31,5 мың жұмысқа жарамды азаматтар мен 2,1 мың зейнеткер бар.
Келгендердің басым бөлігі Маңғыстау (2,5 мың адам) және Ақмола (2,1 мың адам) облыстарына, сондай-ақ Алматыға (1,4 мың адам) келген.
Эмигранттардың көбісі Шығыс Қазақстан ( 7,1 мың адам), Қарағанды (5,8 мың адам) және Қостанай (5,7 мың адам) облыстарынан кеткен.
ТМД елдері ішінде Қазақстан мен Өзбекстанға, Ресей мен Түркменстанға келгендер саны көп.
Қазақстаннан кеткендердің көбісі негізінен Ресей ( 39,8 мың адам), Өзбекстан (435 адам) және Беларусь елін (356 адам) қоныстанған.