Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы наурыздан бастап биылғы наурызға дейінгі статистикасы Қазақстандағы электромобильдер санының 631-ден 1,9 мыңға дейін өскенін көрсетті. Бұл автомобиль түрінің күрт өсуі былтырғы желтоқсаннан бастап тіркелген: бір айда +521 "жасыл" машина, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Бұдан басқа 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында жаңа электрокарлардың сатылымы да өскен.
Десек те, елдің жалпы автопаркіндегі электромобильдердің үлесі өте аз: 0,04%.
1,9 мың "жасыл" машинаның 1,6 мыңы жеңіл көліктер. Олардың үлесі 84%-дан артық. Электр қозғалтқыштары бар жүк көліктері мен автобустар саны аз: 8,8% және 6,9%.
"Жасыл" қалалық қоғамдық көліктер Астана (67 электро автобус) мен Алматы (32) қалаларында тіркелген.
Электромобильдердің басым бөлігі 1,2 мың (63,9%) Алматыда байқалған. Екінші орында Астана орналасты (249 электрокар). Үздік үштікті Алматы облысы қорытындылайды (100 эко көліктер). "Жасыл" машиналардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан (2), Ақмола (4) және Ұлытау (4) облыстарында тіркелді.