Бір жылда халық саны қаншаға өсті?

1902

Елорда халқы 61,7 мың адамға көбейген.

Бір жылда халық саны қаншаға өсті?

Сатистика комитеті 2019 жылдың желтоқсанындағы халық саны туралы мәлімет жариялады. Ресми дерекке сенсек, бір жылдың ішінде қазақстандықтардың саны 234,9 мың адамға өскен. Бұл 2018 жылғы өсімнен 4 мың адамға кем. 2017-2018 жылдар арасында халық саны 238 864 адамға көбейген болатын. 

"2019 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18611,1 мың адамды құрады. Ооның ішінде қалалықтар – 10875,7 мың (58,4%), ауылдықтар – 7735,4 мың адамды (41,6%) құрады. 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3% өсті. Негізгі өсім Нұр-Сұлтан қаласы (61,7 мың адам), Алматы қаласы (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) қалыптасты", – делінген комитеттің мәліметінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу