Елімізде жұмыс істейтін 10 миллион адамның 9 миллионында несие бар болса, ал борышкерлер реестрінде қарызы бар жеке тұлғалардың саны – 3,4 миллион адам, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Экономиканың жай-күйін бейнелейтін бірқатар көрсеткіштер әлі де көңіл көншіте қоймайды.
Мәселен, елімізде жұмыс істейтін 10 миллион адамның 9 миллионында несие бар болса, ал борышкерлер реестрінде қарызы бар жеке тұлғалардың саны – 3,4 миллион адам", — деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.
Сондай-ақ, тұтынушылық несие көлемі 2022 жылы 13,2 трлн теңге болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 трлн теңгені құрап отыр. 1 жылда неси алушылардың сомасы – 5 триллионға өсті.
"Бұл цифрлар – халықтың қарызға өмір сүріп жатқанының нақты белгісі. 18 трлн теңге көлеміндегі тұтынушылық несие – еліміздің жылдық бюджетінің 75 пайызына пара-пар. Бұл несиелердің уақытылы төленбеуі еліміздің қаржы жүйесін бір күнде техникалық дефолтқа алып келуі мүмкін", - деді депутат.