Бір жылда күнбағыс майы 1,5 есе қымбаттаған

1971

Сарапшылардың пікірінше, тауарға баға сөз байласу арқылы көтерілген.

Бір жылда күнбағыс майы 1,5 есе қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырауда күнбағыс майы қымбатқа сатылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың басында өсімдік майын өндіру шамамен 20%-ға артқан.

Осы жылдың ақпанында еліміздегі базарлар мен дүкендерде күнбағыс майының бір литрі 625 теңгеге сатылған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 44,5%-ға қымбат.

Ең қымбат күнбағыс майы Атырауда: 1 литрі 723 теңге. Мұнда ең үлкен жылдық өсім тіркелген – 59,3%.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Алматыда да күнбағыс майы қымбат болып саналады: 651 теңге (елорда) және 648 теңге (Алматы). Осылайша, күнбағыс майы бір жылда 1,5 есе қымбаттаған.

Ең арзан күнбағыс майы Петропавлда: 1 литрі 562 теңге.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, осы жылдың 2 айында күнбағыс майының құны 6,7%-ға артқан (өткен жылдың ұқсас кезеңінде баға 0,3%-ға төмендеген).

Агенттік тауарға бағаның сөз байласу арқылы көтерілгенін байқаған. Осыған байланысты 7 нарық субъектісіне бағаны төмендету туралы хабарлама жіберілген.
 
Агенттік сарапшыларының пікірінше, бағаның күрт өсуіне бірқатар фактор әсер еткен: әлемде мұнайға бағаның 53,8%-ға өсуі, шикізатқа сатып алу бағасының өсуі, өндірушілердің өткен жылғы егіннің шикізат қорын қысқартуы.

Жоғары сатып алу бағасы мен шикізаттың болмауынан
Шығыс Қазақстан облысындағы ірі сектор өндірушісі –"Востоксельхозпродукт" ЖШС өндірісті тоқтатуға мәжбүр болған. 

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында қазақстандық компаниялар 41,8 мың тонна өсімдік майын өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,6%-ға артық.

Айта кетейік, күнбағыс майы көбінесе Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Шымкентте өндіріледі. Бұл өңірлерде "Май" АҚ, "Өскемен май зауыты" ЖШС (ШҚО), "Евразиан Фудс Корпорейшн" АҚ, "ЭФКО Алматы" ЖШС, "Масло-Дел" ЖШС (Алматы) және тағы басқа компаниялар жұмыс істейді.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында отандық компаниялар 464,1 мың тонна өсімдік майын өндірген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға аз.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында компаниялар өсімдік майына сұранысты (ішкі нарықта сату плюс экспорт) 74,5%-ға қамтамасыз еткен. Импорттың үлесі 25,5%: Қазақстанға 158,7 мың тонна май жеткізілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға аз.

Ішкі нарықта 401,8 мың тонна май сатылған. Бұл 2019 жылмен (қаңтар-желтоқсан) салыстырғанда 8,4%-ға аз.

Компаниялар күнбағыс майына сұранысты 76,1%-ға қамтамасыз еткен. 2019 жылы бұл көрсеткіш 73,8% болған еді. Импорт 11,6%-ға немесе 101,4 мың тоннаға азайған. Нарықта 313,4 мың тонна күнбағыс майы сатылған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 11,6%-ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу