Numbeo мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 6 қазанындағы жағдай бойынша бір шақырым үшін ең төмен такси бағасы Пәкістанда ($0,18) және ең жоғарысы Швейцарияда (3,93 доллар) тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда 1 шақырымға такси қызметінің құны 0,32 АҚШ долларын құрады. Еліміз такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында болды. ТМД ішінде такси қызметі Әзербайжан мен Ресей Қазақстаннан қымбат. Ал Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда арзанырақ.
Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі (бір жыл бұрынғы 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда) 3 млрд теңгені құрады (+6,4%).
Саладағы ең жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында тіркелді (1,3 млрд теңге, +37,3%).
Үздік үштікке сондай-ақ елорда (728,7 млн теңге, -4,4%) және Алматы (499,6 млн теңге, -27,1%) қалалары кірді. Ең төмен кіріс Шығыс Қазақстан облысындағы такси компанияларында байқалды (небәрі 0,4 млн теңге).
Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1%-ға артық. Жолаушылар айналымы бір жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өсті.