Бір жылда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді. Статистика

287

Павлодар облысында тұрғын үй бағасы 14,8% қымбаттаған.

Бір жылда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді. Статистика Фото: Inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросы бір жылда тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергені туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бюроның мәліметінше, бір жыл ішінде (2023 жылғы қараша 2022 жылғы қарашаға) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 3,2% өскен, ал пәтерлерді қайта сату бағасы керісінше 5,4% төмендепті.

"Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қарашада 0,9% төмендеді", - делінген хабарламада.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын-үй нарығында баға жылдық мәнде Павлодар – 14,8%, Петропавл 10,6% қалаларында  қымбаттаған.

Қолданыстағы пәтер нарығындағы баға өсімінің лидері – Атырау (11,8%) мен Семей қалалары (8,3%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (30%), Қарағанды (23%) және Көкшетау қалалары (22,3%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу