Бір жылда жасөспірімдер арасындағы суицид саны 15%-ға артқан

1373

Ал өзіне қол салу әрекеті 5%-ға өскен. 

Бір жылда жасөспірімдер арасындағы суицид саны 15%-ға артқан

Балаларды қорғау рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 50-орынды иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміз 1000 индекстің 933-ін алған. Индекс 1000-ға жақын болса, балалардың құқығы қорғалғанын, ал 1 болса, елде балалардың жағдайы нашар екенін көрсетеді.

ТМД елдері арасында Беларусь (40-орын) пен Ресей (41-орын) Қазақстанның алдында, ал Армения (56-орын), Өзбекстан (72-орын), Түрікменстан (72-орын) және Қырғызстан (96-орын) елімізден кейін тұр.

Тізімнің көшбасында Сингапур, Словения, үшінші орында Финляндия мен Швеция. Бұл елдерде балалар үшін жақсы жағдай жасалған.

Нигер, Орталық Африка Республикасы және Чадта балалардың құқығы қорғалмаған. 

Индекс денсаулық сақтау, білім беру және бала қауіпсіздігінің көрсеткіштерін назарға алады. 

Рейтинг дерегінше, Қазақстанда орта есеппен 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім деңгейі 10 мың тууға шаққанда 99 өлімді құрайды. 

Балалардың 6%-ы (негізінен қыздар) 15-19 жаста тұрмысқа шығады, балалардың 8%-ы (5 жасқа дейін) тойып тамақ жемейді, балалар еңбегін пайдалану – 2,2%. 
Жасөспірімдер жүктілігінің коэффициенті – 1000 қызға 29,8, балалар суицидінің коэффициенті – 100 мың тұрғынға 1,3. 

Қазақстанда 0-15 жас аралағында 5,8 млн бала бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға артық.

Ұлдар қыздарға қарағанда көп: 3 млн ұл, 2,8 млн қыз.

Балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі Түркістан облысында тұрады: 815,4 мың адам. Үздік үштікке Алматы облысы мен Алматы қаласы да енді.
Сондай-ақ балалар Солтүстік Қазақстан облысында аз. 

2021 жылғы 4 айда елімізде кәмелетке толмағандар арасында 53 суицид жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ға көп. Олардың 32-сі ұл, 21-і қыз. 

120 бала өзіне қол салмақ болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға көп. Олардың 21-і ұл, 99-ы қыз. Суицид жасамақ болған балалардың басым бөлігі толық отбасыда тәрбиеленіп жатыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу